Malim.kz
Сұқбат

Соңғы 2 аптада коронавирустың өлім-жітімі 80 пайызға азайыпты

Руслан ЕРБОТА

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Онда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама жасапты. Оның мәліметінше, соңғы екі аптада COVID-19 ауру көрсеткіші - 60%, өлім деңгейі - 80% төмендеген. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі деңгейінің 56%-дан 33% дейін, реанимациялық төсектердің - 45%-дан 32% дейін азайған.

Комиссия отырысы барысында ел өңірлеріндегі коронавирустық инфекцияның жағдайы және азаматтарды вакцинациялау деңгейі туралы баяндамалар тыңдалды. Премьер-Министрдің орынбасары өңірлерге иммундау қарқынын босаңсытпауды тапсырды. Сонымен қатар ВАК келушілердің мәртебесін тексермейтін Ashyq жүйесінің 12 мың жосықсыз қатысушысын 2 аптаға жүйеден алып тастау туралы шешім қабылдады. Ведомствоаралық комиссияның отырысын қорытындылай келе Ералы Тоғжанов бірқатар нақты тапсырмалар беріп, ВАК қатысушыларының алдында таяу уақыттағы басым міндеттерді белгілепті.

Руслан ЕРБОТА
Автордың басқа материалдары