Депутат Айдос Сарым Қазақстан президентінің екінші мәрте сайлану-сайланбауы туралы пікір білдірді,- деп хабарлайды Malim.kz Azattyq.org телеграм арнасына сілтеп.
Айдос Сарым "жоқ, ол [7 жылдық мерзім] өзгермеуі керек" деп жауап берді. Ол Тоқаевты "өз сөзіне берік" адам деп сипаттап, жеті жылдық президенттігі аяқталғаннан кейін қызметінен кетеді деді.
"Кеше ғана бірнеше журналист сұраған еді. Мен айттым, біздің президентіміз кейбір адамдар ойлағандай билікқұмар адам емес. Ол принципі бар, философиясы, ұстанымы бар адам. Сондықтан менің ойымша, 2029 жылы бізде Қазақстанда үшінші президент болады" деді Айдос Сарым.
Ол сөзінде Конституцияға ұсынылып отырған түзетулер арасында да "президенттің өкілеті мен билігін күшейтуге бағытталған норма жоқ" деп сендіруге тырысты.