Malim.kz
Аналитика

S&P Global Kaspi Bank-тің рейтингтері бойынша болжамды көтерді

Руслан ЕРБОТА

29 маусым күні S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Kaspi Bank» АҚ-тың рейтингтері бойынша болжамды «Жағымды» деңгейіне дейін көтерді.

S&P Global бірнеше маңызды факторларды айтып өтті:

Kaspi.kz-тің басшысы Михаил Ломтадзе былай атап өтті:

«Рейтингтер бойынша болжамның жақсаруы – Қазақстанда жасалған бизнес-моделіміздің бірегей екенінің кезекті дәлелі. Кредиттік портфельдің жоғары сапасы бірінші кезекте кредиттік шешімдер қабылдаған кезде ең заманауи технологияларды пайдалануымызға байланысты. Kaspi қазақстандық банктермен салыстырғанда ғана емес, ресейлік банктермен салыстырғанда да өте жақсы көрсеткіштерді көрсетіп отыр, бұл командамызға бөлек мақтаныш факторы».

S&P Global сондай-ақ эмитенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредит рейтингтерін «BB - / B» деңгейінде және ұлттық шкала бойынша «kzA» рейтингін растады.

Руслан ЕРБОТА
Автордың басқа материалдары