Malim.kz
Оқиға

ШҚО-да кәріз құдығында үш жұмысшы газдан уланды

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысында ТЖМ құтқарушылары техникалық жұмыстар кезінде зардап шеккен жұмысшыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға кәріз құдығында болған. Онда үш ер адам, болжам бойынша, жиналып қалған газдан жедел уланған.

2026 жылғы 6 сәуірде ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнына алғаш болып Глубокое ауданы ТЖБ басшысы Константин Боровиков пен аудан әкімдігі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы Темірлан Кенисканов жеткен.

«Олар оқиға орнына бірінші болып келіп, құдықтан екі зардап шегушіні алып шықты. Тағы бір ер адам өздігінен сыртқа шығып, құтқарушыларды шақырған», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары