Malim.kz
Экономика

ШҚО-да кәсіпорын қызметкерлеріне 12,6 млн теңге жалақы қарыз болған

Malim Админ

ШҚО прокуратурасының араласуынан кейін 12,6 млн теңге жалақы төленді, деп хабарлайды Malim.kz Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, «Шығысстройгруп» ЖШС банкроттық басқарушысы 2 жылдан астам уақыт бойы 42 қызметкердің алдында 12,6 млн теңге жалақы берешегін өтеу үшін өз мүлкін сату шараларын қабылдамаған. 

Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпорынның бұрынғы басшысы банкроттық басқарушы және салық органдарымен жұмыс кездесуін өткізіп, құқықтық және әдістемелік көмек көрсетілген. Нәтижесінде, банкрот деп танылған кәсіпорынның мүлкі сатылып, қызметкерлерге төленбей келгент қарыз толығымен өтелді. 

Фото: интернеттен

Malim Админ
Автордың басқа материалдары