Malim.kz
Құқық

ШҚО-да қызы алимент төлемеген әкесін сотқа берді

Айбын Атабай
Freepik

Шығыс Қазақстан облысында студент қыз әкесінен сот арқылы алимент өндіріп алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өз әкесінен алимент өндіріп алғысы келген қыз Алтай аудандық сотына талап арыз жазған. Ол ай сайын 30 АЕК (117 960 теңге) мөлшерінде алимент төлеп отыруды сұраған. Себебі қазіргі уақытта университет студенті екендігін және қаржылай көмекке мұқтажтығын алға тартқан.

— Ер адам қызының талап арызымен келіспей, алимент мөлшерінің тым жоғары екенін айтты. Ол өзінің төрт баласын асырап келе жатқанын және жалақысынан қазірдің өзінде алимент бойынша ақша ұсталып жатқанын түсіндірді. Алайда жауапкер қызына ерікті түрде материалдық көмек көрсеткені туралы нақты дәлелдер келтіре алған жоқ, — деп хабарлады ШҚО сотының баспасөз қызметінен.

Сот ер адамның материалдық жағдайын ескере отырып, алимент мөлшерін ай сайын 10 АЕК (39 320 теңге) деп белгіледі. Төлем қыз 21 жасқа толғанға дейін жалғасады.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары