Malim.kz
Құқық

СҚО-да үш адамның өліміне әкелген өртке қатысты адам ұсталды

Malim Админ

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Полтавка ауылында болға өртке қатысты полицейлер осы елді мекеннің 50 жастағы тұрғынын ұстады.

СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бабы бойынша айып тағылған. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Естеріңізге салайық, 17 қыркүйек күні Полтавка елді мекенінде жеке тұрғын үй өртеніп, өрт сөндіру барысында үйден 58 жастағы әйелдің, 44 және 46 жастағы екі ер адамның мүрдесі табылған еді. Бастапқыда абайсызда шыққан өрт деп танылғанымен, кейін қылмыстық іс қозғалды. 

Фото: freepik.com


 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары