Malim.kz
Оқиға

СҚО-дағы емдеу кабинетінде бір адам қайтыс болды

Айбын Атабай

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық ауруханасында эндоскопиялық зерттеу кезінде 44 жастағы науқас қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz Orda.kz-ке сілтеп.  

Полицияның хабарлауынша, өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеушілер диагностика кабинетінде нақты не болғанын анықтап жатыр. 

Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық-фармацевтикалық бақылау комитеті де жағдайға түсініктеме берді. Ведомство құқық қорғау органдарының ресми өтінішінен кейін ауруханада тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен тексеру жүргізілетінін айтты.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары