Malim.kz
Сұқбат

Стамбулда апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар бар

• Malim Админ

Стамбұл қаласында апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтары болған. Бұл туралы Malim.kz сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«5 ақпанда жергілікті уақытпен шамамен 18.00-де ұшақтың Стамбул әуежайына қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетуі салдарынан Қазақстанның екі азаматы жарақат алған. Олар Фатих Сұлтан Мехмет ауруханасына жеткізілген», - деп мәлімдеді Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығы.

Түркиядағы елшілік жағдайды толықтай бақылауда ұстайтынын хабарлады. Қазір жарақат алған екі қазақстандықтың жағдайы тұрақты. Еске салсақ, 5 ақпанда Стамбұл қаласындағы Сабихи Гөкчен атындағы әуежайға қонған Pegasus Airlines әуе компаниясының Boeing-737-800 ұшағы 30 метрден жерге құлап, ұшақ үшке бөлініп қалған. Измир – Стамбұл бағыты бойынша ұшқан әуе кемесі қону кезінде жолақтан шығып кеткен.

Апат салдарынан 3 адам қаза болды. Ұшақ бортында барлығы 185 адам болған. Оның екеуі бала, алтауы экипаж мүшелері. Олар түгелге жуық түрлі деңгейдегі жарақат алып, 50-ден астамы ауруханаға жатқызылған.

Фото: pravda.ru

Malim Админ
Автордың басқа материалдары