Malim.kz
Оқиға

Степногорск ЖЭО-дағы қайғылы жағдай: бір жұмысшы қаза тауып, үшеуі жарақат алды

• Арман Қайыпхан

Степногорск жылу электр орталығында болған қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Монтаж жұмыстары кезінде бір жұмысшы көз жұмып, тағы үшеуі түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Malim.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу амалдары басталып, жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға берілмек.

Telegram-арналарда тараған ақпаратқа сүйенсек, апат екінші қазандықтағы монтаж жұмыстары кезінде болған. Кран ілгегінен құлаған құбырлар алты жұмысшыны басып қалып, олардың арасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар.

Фото: gov.kz

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары