Malim.kz
Құқық

Стоматологияда көз жұмған қыз: жәбірленушілер емханадан 25 млн талап етті

Айбын Атабай
pixabay.com

Астанадағы тіс емханасында көз жұмған үш жасар қыздың өліміне қатысты іс жүріп жатыр. 27 қараша күні болған сот отырысы кезінде анестезиолог баланың жағдайы нашарлаған сәтте неге бірден жедел жәрдемге қоңырау шалмағанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап  Malim.kz хабарлайды.

Іс бойынша айыпталушы – анестезиолог дәрігер. Баланың тісін емдеген тіс дәрігері жауапқа тартылмады. Іс қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігі (Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне алып келуі) бойынша қаралып жатыр. 

Анестезиологқа төрт жылға дейін бас бостандығын шектелуі немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ оған үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру қаупі төніп тұр.

25 қараша күні өткен сот отырысында бейнебақылау камерасындағы жазба көрсетілді. Видеодан 2024 жылғы 30 қазанда қыздың ата-анасымен бірге шамамен 09:30-да кеңес алуға келгенін көруге болады. Сағат 13:49-да қызды оята бастайды, бірақ анестезиологтың айтуынша, сағат 14:02-де мониторда жүрек ырғағының бұзылуын және қарыншалардың фибрилляциясын тіркелген.

Бүгін сот видеоны 14:03-тен бастап қарауды жалғастырды. Жазбаға қарағанда, баланың жағдайының күрт нашарлағанын байқаған анестезиолог сағат 14:05-те жедел жәрдемге емес, өзінің әріптесі, реаниматологқа қоңырау шалған.

Оның сөзінше, әріптесімен ол кардиохирургиялық орталықта бірге жұмыс істеген. Қазір ол реаниматолог екен. 

“Мен оны шақырған себебім, реаниматолог бір өзі реанимация жүргізе алмайды. Міндетті түрде екінші маман керек. Жедел жәрдем науқасты жансақтау бөліміне жеткізді. Біз кәсіби түрде реанимация жасап жатырмыз. Ал жедел жәрдем тек базалық медициналық көмек көрсетеді”, – деді айыпталушы. 

Айтуынша, қарапайым құрам тек базалық медициналық көмек көрсетеді.

Видеодан сағат 14:07-де анестезиологтың қолына дефибрилляторды алғанын көруге болады. Прокурордың айтуынша, аппаратты басқа кабинеттен әкелген, ал ережеге сай ол әр бөлмеде болуы тиіс. Кадрларда құрылғының түсіп кетіп, шетке ысырып қойылғаны және мүлде қолданылмағаны байқалады. Айыпталушы сол сәтте дефибрилляторды қолдануға болмайтынын мәлімдеді ол.

“Ол кезде жүрек тоқтап қалған. Сондықтан біз ауысқан кезде мен ритмнің жоқ екенін көрдім, ал мұндай жағдайда дефибрилляторды қолдануға болмайды. Себебі күйік іздері қалар еді, ал ол мәйітті ашып қарағанда ақау сияқты көрінеді. Жүрек тоқтаған кезде дефибриллятор қолданылмайды”, – деп түсіндірді айыпталушы.

Анестезиологқа “сот сәтте баладан айырылып қалуыңыз мүмкін екенін түсіндіңізі бе?” деген сұраққа, айыпталушы “биологиялық өлім болмады, бірақ жүректің тоқтап қалды” деп жауап берді. 

Тек 14:10-да ғана кабинетке кірген емхана әкімшіліг жедел жәрдем шақырған. Айыпталушының айтуынша, емхана реанимобиль сұраған, бірақ 14:16-да тек дәрігер мен фельдшер келген.

Видеодан көрінгендей, 14:34-те анестезиолог ата-анасына шығып, жағдайды түсіндірген. 15:05-ке дейін жедел жәрдем бригадасы мен емхана қызметкерлері, шамамен бес адам, жүрекке массаж жасап, дәрі енгізіп, жүрек соғысын қайта қалпына келтіруге тырысқан.

Прокурордың айтуынша, сот-медициналық сараптама деректеріне сәйкес, өлім сағат 14:23-те тіркелген. Сот отырысы жалғасып жатыр.

Жәбірленуші тараптың емханасының директорынан 25 миллион теңге сұрағаны рас па?

Кейін Dent Park Ortho жеке емханасының директоры Надежда Хон сот отырысында 3,5 жастағы Есентай Зере қайтыс болғаннан кейін, оның ата-анасының адвокаты Руслан Айтжанов клиникадан өтемақы ретінде 25 миллион теңге талап еткенін мәлімдеді.

Надежда Хон трагедиядан кейін емхана басшылығы мен қызметкерлері қыз баланың отбасына көңіл айтуға барған.

“Оқиға болған күні біз, яғни мен және басқарушы директор, қызметкерлермен бірге көңіл айтуға бардық. Кейін, марқұмды жерлеуден кейін, біз қайта бардық — мен, басқарушы директор, стоматолог және Аида Жумағалиева”, – дейді Надежда Хон.

Оның сөзінше, қара жамылған отбасы олардан ештеңе алмаған. Тіпті кейін байланысқа да шықпаған.

Сонымен қатар Хон күзде зардап шеккендердің адвокаты Руслан Айтжанов 25 миллион теңге көлемінде өтемақы талап еткенін айтты.

“Ол 25 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілсе дейді… Қысқасы, 25 миллион теңге сұрады. Мен жауап ретінде сот шешімін күтеміз, тек сондан кейін моральдық шығынды төлейміз деген”, — деді Хон.

Соттан кейін журналистермен әңгімесінде Руслан Айтжанов 25 миллион теңге көлеміндегі өтемақы талабы шын айтылғанын растады. Алайда бұл әрекет белгілі бір талпыныстар шеңберінде жасалғанын айтты және жәбірленуші тарапта мүлдем ондай ниеті болмағанын жеткізді. 

“Клиенттерім рұқсатын бреген: белгілі бір кезеңде оларда бітімге келу ойы болғаны рас. Олар максималды жауапкершілікті арттырмай, кешіру мүмкіндігін қарастырған. Бірақ барлық жағдайларды зерттегеннен кейін бұл ойдан толықтай бас тартты. Қазір бітім туралы мәселе қарастырылмайды. Моральдық зиян, алдын ала айтсам, қылмыстық іс шеңберінде қарастырылмайды — азаматтық талап бөлек беріледі", — деп түсіндірді Айтжанов.

Сот отырысында зардап шеккен тараптың адвокаты Надежда Хонның кабинетте медициналық құрылғы, яғни, капнографтың бар екені жөніндегі куәлігіне күмән келтірді. Осы себептен ол кабинетті қайта тексеру туралы өтініш беріп, бұрын тексеруді жүргізген тергеушіні шақыруды талап етті.

Айта кетейік, дәл осы іс бойынша 25 қараша күні өткен сотта 3,5 жастағы Зере Есентайға көрсетілген емдеу сәті түсірілген кадрлар көрсетілген еді. Прокурор Еркебұлан Шалқаров сотта сарапшылардың қорытындысына сәйкес балаға тіс емдеу толық алдын ала тексерусіз жүргізілгенін мәлімдеді. Анестезиолог кінәлі деп танылса, оған үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары