Malim.kz
Оқиға

Шұғыл: Ақтөбеде белгісіз біреулер адамдарды кепілдікте ұстап отыр

Арман Қайыпхан

Ақтөбеде белгісіз біреулер бірнеше адамды кепілдікте ұстап отырғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Желідегі мәліметтерге жүгінер болсақ, оқиға Рысқұлбеков көшесіндегі үйлердің бірінде болып жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреулер бірнеше адамды қорада кепілдікте ұстап отыр. Ал aktobe_live паблигі таратқан видеоға мән берсек, оқиғаның жер үйлердің бірінде болып жатқаны байқалады.

Оқиға орнына барлық жедел әрекет ету күштері жіберілді: полиция, өрт сөндірушілер және дәрігерлер. Үйге жақын тұстарды құқық қорғау органдары қоршауға алды.

Құзырлы органдардан оқиғаға қатысты әзірге ресми ақпарат хабарланған жоқ.

Фото: видеодан кадр

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары