Malim.kz
Оқиға

Шұғыл: Астанада жоғалып кеткен оқушының мәйіті Есіл өзенінен табылды

Айбын Атабай
видеодан скриншот

Кеше, 24 қараша күні кешке Астанада жоғалып кеткен оқушы қыздың мәйіті табылды. Өкінішке қарай, бала Есіл өзеніне батып, көз жұмған, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеп.  

«Криминалды Қазақстан» телеграмм-арнасындағы мәліметке сүйенсек, баланың жоғалғаны туралы арыз 24 қарашада түскен.

«24 қараша күні полицияға арызданған анасы қызы сағат 18:30 шамасында үйден шығып кеткенін, содан бері байланысқа шықпағанын айтқан. Полиция мен еріктілер баланы бірден іздей бастаған», - деп жазылған ақпаратта.

Дереккөзге сүйенсек, қыз бүгін таңғы сағат алты кезінде көпірден секіріп кеткен. Полиция бірнеше сағат өткенде оның мәйітін Есіл өзенінен тапқан.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары