Malim.kz
Құқық

Суицидке шақыратын 43 интернет-ресурс анықталды

Malim Админ

Ішкі істер министрлігі балалар мен жасөспірімдер арасында суицидті насихаттаған 43 интернет-ресурсты анықтады. Қауіпті контентті бұғаттау үшін тиісті ақпарат уәкілетті органға жіберілді.


Бұдан бөлек, Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі күмәнді ойындарды тексереді. Мамандар онда балалардың психикасына теріс әсер ететін белгілер болуы мүмкін дейді.

Жалпы жыл басынан бері тәртіп сақшылары интернеттегі қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында 68 мыңнан астам дәрістер мен кездесулер өткізген.

Фото: sitepro.pro

Malim Админ
Автордың басқа материалдары