Malim.kz
Шоу-бизнес

"Сүйінші, ағайын": Тамара Асар болашақ келінін көрсетіп, қуанышты хабарын айтты

• Мадияр Қапанбек
Тамара Асар. Фото: instagram.com/tamara_assar_official

Белгілі әнші Тамара Асар әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісіп, ұлы мен болашақ келінінің бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақ эстрадасының өкілі жеке парақшасында жас жұптың фотосын көрсетіп, оларға ақ тілегін арнаған.

"Алла бұйыртса. Оң болсын, жарықтарым!" – деп жазды Тамара Асар.

Әншінің бұл жазбасы желі қолданушыларының назарын аударды. Оқырмандар өнер иесінің қуанышына ортақтасып, жас жұпқа жылы лебіздерін білдірген.

"Келініңіз құтты болсын!", "Оң болсын!" – деп жазды пікір қалдырғандар.

Әзірге Тамара Асар ұлының үйлену тойы қашан өтетінін немесе алдағы қуанышты шараның басқа да егжей-тегжейін жариялаған жоқ. Дегенмен әншінің болашақ келінімен таныстырған суреті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тамара Асар студенттік шағында ақша табу үшін бірнеше жұмысты қатар атқарғанын айтып, сол кезеңдегі өмірін еске алған еді.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары