Malim.kz
Оқиға

Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы сотта ұлына үн қатты

Сабина Асқарқызы
Arasha.kz

Атырауда бірнеше адамның өліміне қатысты айып тағылған Сұлтан Сәрсемәлиевтің ісі бойынша сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды Malim.kz.

Кезекті сот отырысында куәгер ретінде сотталушының анасы Гүлнар Азмұханова сөз сөйледі. Ол соттың сұрақтарына жауап беруден бас тартып, тергеу барысында берген түсініктемелерін толық қолдайтынын мәлімдеді.

Сот залынан шығар алдында ол ұлына бірнеше ауыз сөз айтуға рұқсат сұрады. Анасы оған өмірдегі қиындықтарға мойымай, мықты болуға шақырды.

Тағдырдың жазуы шығар. Көнесің, төзесің, күресесің. Өзіңе бекем бол. Өмір үшін күрес. Балаларыңа олардың әкесі бар екенін айтып отырамын. Немерелерімді жақсы азамат етіп тәрбиелеуге бар күшімді саламын, – деді ол.

Гүлнар Азмұханова қалған ғұмырын бес немересін тәрбиелеуге арнағысы келетінін де жеткізді.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары