Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында әуежай құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Аталған аумақта 300-ден астам адам жұмыс істеуде. Бас мердігер «ЭЛХОН СТРОЙ» ЖШС қазіргі таңда әуежай құрылысының 75 пайызын аяқталған
Әуеайлақтың негізгі бөлігі - ұшу-қону жолағы, перрон және рульдеу жолы толық салынды. Аэродром аумағындағы дренаж жүйелері мен инженерлік коммуникациялардың құрылысы да аяқталды. Қазіргі уақытта терминал, апаттық-құтқару қызметі ғимараты, гараждар және жанар-жағармай сақтау қоймаларын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Шілде айында сынақ рейсі жүзеге асырылмақ. Ұшу-қону жолағының ұзындығы 2200 метр, аэровокзалдың жалпы аумағы 4000 шаршы метр болады.
Айта кетейік, әуежай іске қосылғаннан кейін Қытайдың Үрімші қаласына, Алтай аймағына және Қанас көліне халықаралық рейстер ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Астана, Алматы және Өскемен қалаларына ішкі бағыттар бойынша әуе қатынасы жолға қойылады. Әуежай Bombardier Q400, ATR-72 секілді өңірлік санаттағы әуе кемелерін қабылдайтын болады.