Malim.kz
Оқиға

Шығыс Қазақстанда жол апатынан 3 адам көз жұмды

Айбын Атабай
Gov.kz

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты желтоқсанның 7 күні «Шемонаиха-Усть-Таловка» тасжолында болған, деп хабарлайды Malim.kz Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

— Toyota Corona Premio мен Toyota Hilux маркалы автокөліктер соқтығысты. Соның салдарынан Toyota Corona Premio көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалып, соның нәтижелері бойынша шешім қабылданады. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары