ШҚО-да «Шығыс салбурыны-2024» халықаралық фестивалі өтіп жатыр. Фестиваль аясында 67 бүркіт, 22 ителгі, 13 қаршыға сайысқа түскен, деп хабарлайды Malim.kz.
Дәстүрлі спорт жарысына құсбегілер Мажарстан, Моңғолия, Қытай, Ресей және Қазақстанның бірнеше өңірінен келген.
Сайысты сырттай бақылап отырған бүкіртші.
Құсбегілер сайысына сұңқарын дайындап тұрған бала.
Бүркітін сайысқа дайындап жатқан адам.
Фестивальде құсбегіліктен бөлек, асау үйрету, тазы жүгірту сайыстары да бар. Мына суреттерде алдағы сайысқа тазыларын дайындап жатқандар.
Фестиваль өтіп жатқан Бүркіттөбе басына құсбегілер мен көрермендер үшін 30 киіз үй тігілген. Онда қазақ халқының ұлттық қолөнер туындылары мен тағамдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылған.
Құсбегілер сайысына қатысушылар
Фестиваль барысында биыл Шығыс Қазақстанда «Құсбегілік федерациясы» құрылатыны мәлім болды.
Фото: Malim.kz/Өркен Жоямерген