Malim.kz
Құқық

Шымкент зауытындағы қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Malim Админ

Тергеу барысында автокөтергіштің құлауы салдарынан екі жұмысшының қаза болу себептері мен мән-жайлары анықталмақ.


Полицияның мәлімдеуінше, аталған фактіге байланысты «еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан адамдардың қаза болуы» бабы бойынша іс қозғалған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — делінген Шымкент қалалық полиция департаментінің ақпаратында.

Фото: okg.kz 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары