Malim.kz
Құқық

Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірді деген күдікті ұсталды

Айбын Атабай
Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Шымкентте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ер адам ұсталды.

Іздеу жұмыстарына қалалық Полиция департаментінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Қаланың кіреберіс және шығаберіс бағыттарында бақылау күшейтіліп, аумақты жан-жақты тексеру жүргізілді.

Күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ашық жерде анықталып, ұсталды.

– Қазіргі таңда 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті марқұммен бұрын таныс болған. Қылмыстың себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады, - деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары