Malim.kz
Оқиға

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

Сабина Асқарқызы

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Жібек жолы көшесінің бойында жүк көлігі және жүк көлікке тиелген сіріңке жанып кетті, деп деп хабарлайды Malim.kz.

Өрт 6 мамыр күні Жібек жолы көшесінде болды. Төтенше жағдайлар қызметі өртті 17:39-да толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктің жүк бөлімінде шамамен 15 тонна сіріңке болған. Жүктің үштен бірі — шамамен 5 тоннасы жанып кеткен. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. 

Фото: Видеодан алынған скриншот

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары