Malim.kz
Құқық

Шымкентте буллингке қатысты директорлар жұмыстан қуылды

Айбын Атабай
Pexels

Шымкент қаласының білім басқармасы соңғы бір жыл ішінде мектептер мен колледждердегі буллингке қатысты полицияға 400-ден астам шағым түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Otyrar телеарнасына сілтеп

Телеарна мәліметінше, биылғы оқу жылы барысында мектептер мен колледждердегі қорлау фактілері бойынша полицияға 400-ден астам арыз түскен. Оның 22 дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұл ретте буллинг жағдайлары көбіне оқу орындарында орнатылған бейнебақылау камералары арқылы анықталған.

Соның бірі жоғары сынып оқушылары кіші сынып балаларын акт залына жинап алып, тізерлетіп отырғызып қойған. Оқиға салдарынан Шымкент мектебіндегі буллинг үшін директор жұмыстан шығарылды.

«Оқиға №142 мектепте орнатылған камералардың көмегімен тіркелді. Онда буллинг фактісі болған. Акт залында жоғары сынып оқушылары кіші сынып оқушыларын тізерлетіп, күш қолданған. Мұның барлығы камераға түсіп қалған, нәтижесінде мектеп директоры жұмыстан босатылды.Сондай-ақ тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасарларға қатысты да шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов.

Ысқақовтың айтуынша, мектептердегі буллингті тек оқушылар ғана емес, кейбір қызметкерлер де жасайды. Мәселен, бір мектепте қызметкер балаға физикалық күш қолданған. Қалалық білім басқармасының басшысы буллингтің алдын алу үшін бейнебақылау камераларын дұрыс қадағалау және ата-аналармен жұмысты күшейту маңызды екенін атап өтті.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары