Malim.kz
Оқиға

Шымкентте екі үндістандық студент өлі табылды

• Мадина Қайнарова

Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінен Үндістаннан келген екі студенттің мүрдесі табылды.

Студенттердің өліміне қатысты ақпаратты қалалық төтенше жағдайлар департаменті растады. Екі жігіттің мәйіті 17 қыркүйекті таңертең табылған: біреуі жатын бөлмеден, екіншісі дәлізден.

Оқиғаның мән-жайы әлі де анықталып жатыр. Өлімнің себебі медициналық сараптамалардың қорытындысы шыққанда белгілі болмақ.

Сондай-ақ газ қызметкерлері пәтерден газдың иісі анықталмағанын айтты.

Ал әлеуметтік желіде марқұмдардың 21 және 22 жастағы шетелдік студент екенін жазып жатыр. Екеуі де Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында 2-курста оқыған. Мәйіт табылған пәтерде университеттің басқа да студенттері тұрады.

Фото: Pixabay.com

Мадина Қайнарова
Автордың басқа материалдары