Malim.kz
Сұқбат

Шымкентте газбен жылынатын үйдің пешінен ақау шығып, бір адам қаза тапты

• Malim Админ


Кеше Шымкентте табиғи газбен жылынатын үйдің пешінен ақау шығып, үй иесі қаза тапты. Тағы 3 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 2 адам және 1 техника, "Интергаз" АҚ-дан 3 адам және 1 техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Министрлік тұрғындарға өрт қауіпсіздігі қағидасын қатаң сақтау қажет екенін ескертеді.

Фото: интернеттен

Malim Админ
Автордың басқа материалдары