Malim.kz
Оқиға

Шымкентте граната жарылысынан курсанттар жарақаттанды

Арман Қайыпхан

Шымкентте оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, екі курсант жарақат алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында полицейлер жоспарлы оқу-жаттығу жиынын өткізген. Сол кезде граната жарылған.

«Қазіргі уақытта екі курсант медициналық мекемеде емделіп жатыр. Олардың жағдайы тұрақты», - деп хабарлады Шымкент полициясы.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары