Malim.kz
Құқық

Шымкентте көшенің қақ ортасында әйелді пышақтап өлтірген тұрғынға үкім шықты

Айбын Атабай
Depositphotos

Шымкентте көшеде ер адамның пышақ сілтеуінен көз жұмған әйелдің өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты. 

Қайғылы оқиға қаңтардың аяғында болған. Полиция мәліметінше, ер адам көшеде әйелге пышақ жарақатын салған, ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ұстау кезінде ол қарсылық көрсетіп, пышақпен полицейлерге тап берген. Нәтижесінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызметтік қару қолдануға мәжбүр болған.

Сотталушының жағдайы және сараптама

Тергеу барысында айыпталушы 2022 жылдан бері психикалық ауруға байланысты есепте тұрған. Осы уақыт ішінде ол бірнеше рет ем қабылдап, дәрігерлердің бақылауында болған. Соңғы емдеу курсын 2025 жылы өткен. Сонымен қатар, сот сотталушының мүгедектігі бар адам екенін анықтады.

"Ол соңғы рет 2025 жылдың 17 ақпаны мен 26 наурызында емделген, сондай-ақ 18 тамызда дәрігердің қабылдауында болған. Психикалық ауруына байланысты оған екінші топтағы мүгедектік белгіленген. Сарқұловтың дерті динамикалық бақылаудағы аурулардың бесінші тобына жатады. Ол өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін сезінбеген және өзін бақылай алмаған. Сондай-ақ, оның психикалық жағдайын ескере отырып, тергеу әрекеттері мен сот отырыстарына қатысуға қабілетсіз деп танылды", - деді Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақытжан Төналиев.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары