Malim.kz
Оқиға

Шымкентте қыз бала 24 метрлік құдыққа құлап кетті

Сабина Асқарқызы
Фото: ТЖМ

Шымкентте 2024 жылы туған қыз бала жеке үй аумағындағы 24 метрлік құдыққа құлап кетті. Оқиға Қаратау ауданындағы Құдайбергенов көшесінде болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қалалық 112 пультіне баланың ересектердің қарауынсыз қалып, құдыққа түсіп кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу ТЖМ құтқарушылары жіберілді.

«Келген кезде құдықтың тереңдігі шамамен 24 метр екені анықталды. Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, құдыққа түсіп, баланы абайлап жер бетіне шығарды», – делінген ведомство хабарламасында.

Құтқарылған қыз бала әрі қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары