Malim.kz
Оқиға

Шымкентте саябақтан ер адамның мәйіті табылды

Айбын Атабай
pixabay.com

Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Malim.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға 22 ақпанда таңертең болған. Деректі Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.  

"Бұл дерекке қатысты "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Павлодарда іздеуде жүрген 15 қылмыскер ұсталғанын жазған едік. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары