Malim.kz
Оқиға

Шымкентте шетелдік студент өлі табылды

Сұлу Бөлек

Шымкентте Үндістаннан келген студент өлі табылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Ол медициналық академияда оқыған.

«Ер адамның өлімі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Алғашқы болжам бойынша өлімнің себебі — жүректің кенет тоқтап қалуы», — деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті өкілдері.

Жігіттің денесі ол тұрған пәтерден табылды. Полиция департаментінің ақпараты бойынша, өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Оқиғаның мән-жайларын анықтау мақсатында кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полиция департаменті өкілдері.

Фото: pixabay.com

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары