Malim.kz
Құқық

Шымкентте той кортежімен ереже бұзған көлік жүргізушілері жазаланды

Айбын Атабай
Видеодан скрин

Желіде Шымкенттегі той кортежіне қатысқан автокөліктердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған сәті түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews сайтына сілтеп.

Көліктер қала көшелерінде қарсы бағытқа шығып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп және артқа жүріп, жол ережесін бұзған. 

Полиция мәліметінше, тәртіп бұзушылар бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды. Барлық автокөлік табылды.

"Қозғалыс кезінде жүргізушілер қарсы бағытқа шығу, бағдаршамның тыйым салатын түсіне өту, артқа жүру және өзге де қауіпті маневрлер жасап, жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Тексеру нәтижесінде барлық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 12 автокөлік айып тұрағына қойылды, ал кортеждің екі қатысушысы қамауға алынды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары