Malim.kz
Оқиға

Шымкентте үш жасар бала биіктен құлап көз жұмды

Айбын Атабай
pexels.com

Шымкентте баланың өліміне әкелген оқиға болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай Қаратау ауданындағы Нұрсәт шағынауданында болған.

– 2023 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалып, көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен абайсызда құлап кеткен. Алған жарақатынан бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды, – делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, биыл Шымкентте балалардың терезеден құлауына байланысты 9 оқиға тіркелген. Салдарынан 4 бала көз жұмып, 5-еуі түрлі дәрежеде жарақаттанған.

Департамент өкілдері ата-аналар мен заңды өкілдерді балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.



 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары