Malim.kz
Спорт

Таеквондодан Азия чемпионатында 3 отандасымыз ширек финалында сынға түсті

Сабина Асқарқызы
Спортты дамыту дирекциясы

Ұлан-Батыр қаласында таеквондодан ересектер арасындағы Азия чемпионатының 4-жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық құраманың 3 өкілі жарысты сегіздіктің қатарында аяқтады. Ширек финалда 80 кг дейінгі салмақтағы Батырхан Төлеуғали Иран спортшысы Әмір Реза Аббасалиге, Мерген Ғаниев аса тартысты кездесуде тағы бір Оңтүстік Корея атлеті, жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының жүлдегері Сео Гон Вуға есе жіберді.

Ересектер санатында алғаш рет Азия чемпионатына қатысқан Тоғжан Қазынабек (-57 кг) Мадина Мирабзаловамен күш сынасты. Шиеленісті өткен жекпе-жекте өзбекстандық спортшы 1-2 есебімен басым түсті.

Осылайша, Қазақстан командасы Ұлан-Батырдағы сары құрлық додасын 4 қола медальмен аяқтады. Осыған дейін Еркебұлан Еңсегенов(-54 кг), Эльдар Бірімбай (-74 кг) Назым Махмутова (-73 кг) мен Самирхон Абабакиров (-63 кг) 3-орыннан көрінді.

Айта кетейік биылғы жарысқа 43 мемлекеттің 340-қа жуық таңдаулы даян шебері қатысты.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары