Malim.kz
Спорт

Таэквондодан Моңғолияда өтетін Азия чемпионатында 1300-ден аса спортшы қатысады

Сабина Асқарқызы
Фото: Монцамэ

19 мамыр күні Ұланбатыр қаласында таэквондодан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақпараттың жазуынша, жарысқа Азияның 43 елінен 1300-ден астам үздік спортшы қатысады. Олар пумсэ, жекпе-жек (кёруги) және пара-таэквондо бойынша сынға түседі. Чемпионаттың ерекшелігі — жүлдегерлерді анықтап қана қоймай, 2026 жылдың қыркүйегінде (Жапония) Нагоя қаласында өтетін XX жазғы Азия ойындарына жолдама беруінде. Әр салмақ дәрежесінде бірінші орыннан жетінші орынға дейін ие болған спортшылар Азия ойындарына қатысу лицензиясын алады.

Азия чемпионатына қатысу үшін Дүниежүзілік таэквондо федерациясының президенті Чоу Чон Вон Моңғолияға барады. Сонымен қатар, ашылу салтанатында America’s Got Talent жобасының «Алтын батырма» жүлдесінің иегері атанған команда толық құрамда өнер көрсетеді.

Тоғызыншы пумсэ чемпионаты, 27-ші кёруги турнирі және 11-ші пара-таэквондо чемпионаты бір апта бойы M Bank Arena аренасында өтеді.

Таэквондодан Азия чемпионаты екі жылда бір рет ұйымдастырылады және олимпиадалық рейтингтік ұпайларды ең көп беретін маңызды жарыстардың бірі саналады.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары