Алматы қаласында тіс дәрігеріне барған бала көз жұмды. Қайғылы оқиғаны қалалық Полиция департаменті ресми түрде растады, деп хабарлайды Malim.kz.
Наурызбай ауданының Полиция басқармасына кәмелетке толмаған баланың қайтыс болуына байланысты өтініш түсті.
«Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы, жан-жақтылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген пікірінде.
Ведомство мәліметінше, іс материалдары тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тексеру жүргізу үшін жолданды, оның нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.
Айта кетейік, Астанада стоматолог 3 жасар қыздың 18 тісін бірден емдемек болған. Салдарынан үш жасар бүлдіршін сол жерде көз жұмды.