Malim.kz
Оқиға

Тағы бір сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Арман Қайыпхан

Қарағандыда назардан тыс қалған сәби бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдай бүгін Қарағандының 13-ші шағын ауданында түс ауа болды.

Екі жасар бала тұрғын үйдің бесінші қабатының терезесінен құлап кетті. Ол ересектердің қарауынсыз қалды.

«Көптеген жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

Фото: istockphoto.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары