Астанадағы аялдамалардың бірінің жанынан ер адам құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала тұрғындары қайғылы оқиғаны суретке түсіріп, желіге жүктеген.
«Бүгін А108 көшесіндегі аялдаманың жанында оқыс оқиға болды. Ер адам тайып құлап, басын жарып алды. Өкінішке қарай, ол көз жұмды», - деп жазылған желіде таралған ақпаратта.
Оқиға орнынан полицияның көлігі мен бірнеше қызметкерді байқауға болады.