Malim.kz
Оқиға

«Талдау мектебі. Алматы» жобасының финалистері анықталды

Айбын Атабай
Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» білім беру жобасының іріктеу кезеңі аяқталды. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысуын жалғастыратын финалистер анықталды.


Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Жобаның мақсаты — қаланы дамытуға бағытталған практикалық шешімдер әзірлей алатын жаңа буын сарапшыларын қалыптастыру.

Жобаға келіп түскен 218 өтінімнің ішінен финалға 65 адам өтті. Оның ішінде 33 ер адам және 32 әйел бар. Финалистер бірнеше бағыт бойынша іріктелді:
«Мегаполисті ақылды басқару» бағыты бойынша - 8 адам; «Креативті экономика және мәдени стратегия» бағыты бойынша -11 адам; «Туризм және халықаралық ілгерілету» бағыты бойынша - 5 адам; «Урбанистика және кеңістік даму» бағыты бойынша - 11 адам; «Қалалық ортаның экологиясы және тұрақты дамуы» бағыты бойынша - 16 адам; «Цифрлық экономика және инновациялық экожүйелер» бағыты бойынша - 8 адам; «Серіктестік арқылы тұрақты даму» бағыты бойынша - 6 адам.

Қатысушыларды іріктеу бірнеше кезеңнен тұрды. Іріктеу барысында олардың кәсіби құзыреттері, талдамалық ойлау қабілеті және жобаға қатысуға деген ынтасы бағаланды.
«Жастардың талдау саласына және деректермен жұмыс істеуге деген қызығушылығы жоғары екенін көріп отырмыз. Бұл жоба олардың кәсіби өсуіне маңызды мүмкіндік береді деп сенеміз», — деді ұйымдастырушылар.

Финалистер жетекші сарапшылардың қатысуымен өтетін білім беру бағдарламасынан өтеді. Бағдарлама аясында олар талдау жүргізу, деректермен жұмыс істеу және қалалық міндеттерге арналған шешімдер әзірлеу бойынша практикалық дағдыларды меңгереді.

Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар Алматыны дамытуға бағытталған нақты кейстермен жұмыс істейді. Үздік қатысушыларға кәсіби дамуын жалғастыруға және қалалық жобаларға қатысуға мүмкіндік беріледі.

«Талдау мектебі. Алматы» жобасы жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту және қаланың сарапшылар қауымдастығын нығайту бағытындағы жүйелі жұмыс аясында жүзеге асырылып отыр.
«Талдау мектебі. Алматы» жобасы финалистерінің тізімі:

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары