Malim.kz
Оқиға

Талдықорғанда есірткі сатқан 62 жастағы әйел ұсталды

Айбын Атабай
видеодан скрин

Талдықорғанда арнайы операция барысында 62 жастағы әйел заңсыз есірткі сақтаған және сатумен айналысқан күдікпен қолға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, оқиға Еркін ауылында тіркелген. Күдіктіге бақылаулы сатып алу жүргізіліп, одан 5 граммнан астам гашиш алынған.

Тергеу барысында үйінен алты полиэтилен пакеті табылып, ішінде өсімдік тектес заттар болған. Сондай-ақ, ауладағы сарайдан үлкен қара пакет шықты, ол да гашиш болып шыққан — жалпы салмағы 5 кг-нан асады.

Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, барлық жағдайлар анықталуда.

Күдіктінің денсаулығы ескеріліп, оған үйқамақ түріндегі шара қолданылды. Қазіргі заңнамаға сәйкес, есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе сату 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырумен және мүлікті тәркілеумен жазаланады.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары