Malim.kz
Құқық

Талғардағы жантүршігерлік қылмыстар: басты күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыру сұралды

Айбын Атабай
видеодан скриншот

Талғарда ер адамды қатыгездікпен өлтіру, екі жасар қызды ұрлау және әйелді зорлау ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Прокурор басты айыпталушыға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Еске салайық, 2025 жылғы 6 қыркүйекте Талғар маңындағы Қызыл-Қайрат ауылында бір ер адам кәмелетке толмаған екі сыбайласымен жергілікті тұрғынды өлтіріп, оның екі жасар жиенін алып қашқан. Кейін арнайы жасақ баланы құтқарып, анасына тапсырды, ал күдікті ұсталды.

Оқиғадан бір ай бұрын ұрланған қыздың анасы полицияға зорлау туралы арызбен жүгінген. Отбасының адвокаты Гаухар Сәриеваның айтуынша, сол кезде полиция күдіктіні ұстау бойынша ешқандай нақты шара қолданбаған. 

Жәбірленуші тараптың адвокаттары Жандос Палманов, Гаухар Сәриева және Асылбек Әбдіраимовтың айтуынша, прокурор іс бойынша басты айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрап отыр.

Ал кәмелетке толмаған екі сыбайласқа (А. және К.) қатысты мемлекеттік айыптаушы әрқайсына 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

"Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған кісі өлтіру айыбы бойынша прокурор сотталушылардың әрқайсына 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Адам ұрлау эпизоды бойынша 7 жыл 6 ай талап етті. Қылмыстар жиынтығын ескере отырып, прокурор соттан кәмелетке толмағандардың әрқайсына түпкілікті 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады", – деп түсіндірді адвокат Палманов.

Адвокаттардың айтуынша, жәбірленуші мемлекеттік айыптаушының ұстанымымен келіскен. Қорытынды шешімді сот сот талқылауы аяқталғаннан кейін шығарады. 

Іс бойынша айыпталушылар

Ал Талғарда екі жасар қызды ұрлау, әйелді зорлау және ер адамды өлтіру деректері бойынша резонанс тудырған іс 2025 жылғы 4 желтоқсаннан бері жабық режимде қаралып жатыр.

Іс бойынша үш күдікті: негізгі айыпталушы және кәмелетке толмаған екі сыбайласы. Негізгі күдікті – Е.-ге бірден 12 бап бойынша айып тағылған:

99-бап, 2-бөлік, 7-тармақ – "адам өлтіру (адамдар тобы болып)".

125-бап, 3-бөлік, 2-1-тармақ – "кәмелетке толмағанды тарта отырып адам ұрлау".

120-бап, 1-бөлік – "зорлау".

121-бап, 1-бөлік – "жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері".

190-бап, 3-бөлік, 4-тармақ – "адамдар тобы болып жасалған алаяқтық".

147-бап, 5-бөлік – "жеке өмірге қолсұқпау құқығын бұзу (онлайн платформаларда жеке деректерді заңсыз тарату)".

149-бап, 2-бөлік – "тұрғын үйге заңсыз кіру".

115-бап – "адам өлтіремін деп қорқыту".

287-бап, 3-бөлік – "қаруды заңсыз дайындау".

288-бап, 1-бөлік – "қаруды заңсыз сақтау".

200-бап, 1-бөлік – "ұрлау ниетінсіз көлікке заңсыз ие болу".

132-бап, 4-бөлік – "кәмелетке толмағанды қылмысқа тарту".

Ал кәмелетке толмаған екі күдікті – А. және К. – екі эпизод бойынша айыпталады: адамдар тобы болып кісі өлтіру және кәмелетке толмағанның қатысуымен бала ұрлау. 

6 қыркүйекте сол ер адам әйелдің ағасын атып өлтіріп, екі сыбайласымен бірге оның екі жасар қызын ұрлап кеткен. Кейін арнайы жасақ баланы құтқарып, анасына тапсырды. Күдікті ұсталды. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары