Malim.kz
Мәдениет

Тамызда қайда баруға болады? Қазақстандағы ең ірі іс-шаралар тізімі

Айгүл Таңатар
OLX.kz

Тамыз айы Қазақстанда мәдени, спорттық және ойын-сауық шараларына толы болмақ. Елордада халықаралық фиджитал ойындары жалғасса, Comic Con Astana фестивалі өтеді. Сондай-ақ ашық аспан астындағы музыкалық фестивальдер мен жаңа көрмелер көрерменге есігін айқара ашады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ең ауқымды оқиғалардың бірі - Games of the Future 2026 халықаралық турнирі. 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтетін жарысқа әлемнің ондаған елінен спортшылар қатысып жатыр. Демалыс күндері киберспорт пен дәстүрлі спортты ұштастыратын фиджитал дисциплиналар бойынша шешуші кездесулер жоспарланған.

6-9 тамыз күндері елордадағы «Барыс Арена» мен «Алау» мұз сарайында Comic Con Astana 2026 фестивалі өтеді. Бағдарламада косплей байқаулары, комикс авторларымен кездесулер, кино және ойын индустриясының жаңалықтары, интерактивті алаңдар қарастырылған.

Ал 1 тамызда Rahat Fest музыка фестивалі ұйымдастырылады. 

Ұлттық музейдегі Олимпиада жәдігерлері көрмесі,

Леонардо да Винчи көрмесі және басқа да экспозициялар тамыз бойы келушілерді қабылдайдұндай халықаралық іс-шаралар ішкі туризмнің дамуына серпін беріп, елордаға келетін қонақтар санын арттыруға ықпал етеді.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары