Malim.kz
Оқиға

Таңертең төсегінен ес-түссіз табылған: бұрынғы үкімет басшысының жалғыз ұлы көз жұмған

• Алуа Әшірбекова
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы жасалған

Бұрынғы премьер-министрдің 36 жастағы жалғыз ұлын анасы таңертең төсегінен ес-түссіз тапқан. Оны шұғыл ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер өмірін сақтап қала алмаған. Бұл туралы Malim.kz тілшісі дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға 2017 жылғы қарашада болған.

Кешке анасы тамақ берген

Жарияланған мәліметке сәйкес, марқұм әкесінің саяси жұмысына араласып, жеке хатшысы қызметін атқарған. Қайғылы жағдайға бірнеше күн қалғанда сайлау науқанынан өзін жайсыз сезініп қайтқан. Алайда денсаулығына қатысты шағымын жақындарына айтпаған.

Алдындағы кеште анасы оған сағат жетілер шамасында сұйық күріш тамағын берген. Келесі күні таңертең ұлын төсегінен ес-түссіз тапқан.

Ауруханаға тым кеш жеткізілген

Жақындары оны таңғы сағат 5:50-де ауруханаға апарған. Дәрігерлер тексерген кезде тамыр соғысы мен тіршілік белгілері болмаған.

Осыдан кейін оның қайтыс болғаны хабарланған. Дәрігердің сол кездегі бағалауынша, өлім ауруханаға жеткізілгенге дейін шамамен үш сағат бұрын болған. Олар кенеттен жүрек тоқтауын ықтимал себеп ретінде атаған.

Әкесі сапардан шұғыл оралған

Сол уақытта бұрынғы үкімет басшысы сайлау науқанына байланысты сапарда жүрген. Қаралы хабарды естіген соң тікұшақпен кері оралған.

Марқұм әкесінің жалғыз ұлы болған. Артында екі баласы қалған. Отбасына мемлекет басшылығы мен саяси қайраткерлер көңіл айтқан.

Бұл отбасы бұған дейін де ауыр қазаға ұшыраған: бұрынғы премьер-министрдің бір қызы бірнеше жыл бұрын қатерлі ісіктен қайтыс болған. Ал жалғыз ұлының кенеттен көз жұмуы жақындары үшін тағы бір ауыр соққы болған.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары