Malim.kz
MALIMet

Таңғы ас бермеді деп: қайын атасы келініне оқ атқан

• Алуа Әшірбекова
Фото: malim.kz / ЖИ арқылы жасалған

Таңғы шайдың қасына ас қойылмағанына ашуланған ер адам келініне оқ атты деген күдікке ілінді. Әйел ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілген, деп Malim.kz тілшісі NDTV басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға туралы ақпарат 2022 жылғы сәуірде жарияланған.

Полиция мәліметінше, оқиға отбасының үйінде, таңғы сағат 11:30 шамасында болған. Алдын ала дерек бойынша, 76 жастағы ер адам келінінің шаймен бірге таңғы ас бермегеніне наразы болған.

Тергеушілердің айтуынша, ол қаруын алып, 42 жастағы келініне оқ атқан. Әйелдің іш тұсына оқ тиіп, ауыр жараланған. Үйдегі туыстары оны жақын маңдағы ауруханаға жеткізген.

Полицияға күдіктінің басқа келіні шағым түсірген. Сол арыз негізінде адам өлтіруге оқталу, қорқыту және қаруға қатысты заң талаптарын бұзу бойынша іс тіркелген.

Бастапқы хабар жарияланған кезде күдікті әлі ұсталмаған. Полиция таңғы асқа қатысты наразылықтан бөлек, шабуылға түрткі болған өзге жағдайлардың бар-жоғын да тексеріп жатқанын мәлімдеген.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары