Malim.kz
Шоу-бизнес

"Танымал адам боп шықты": "Маскадағы адамның" кім екені белгілі болды (ФОТО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Қоғам белсендісі Азамат Ерғали әлеуметтік желіде көптен бері мұқтаж жандарға миллиондап көмек көрсетіп жүрген "Маскадағы адам" туралы жазбасымен жұрт назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz.

Белсенді өз жазбасында:

"Маскадағы адам – меніңше, бұл біздің Димаш Құдайберген сияқты. Ал сіздер қалай ойлайсыздар?" – деп көпшілікке сауал тастаған.

Бұл пікір желі қолданушылары арасында үлкен талқылау туғызды. Бірі "Иә, расымен Димаш болуы мүмкін" деп қолдау білдірсе, енді бірі өз болжамдарын айтып, түрлі пікірлер ұсынған.

Қазіргі уақытта "Маскадағы адамның" кім екені ресми түрде анықталған жоқ, алайда желі қолданушылары оның жеке басына қатты қызығушылық танытып, қайырымды жанның кім екенін табуға тырысып, түрлі жорамалдар жасап жатыр.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары