Malim.kz
Шоу-бизнес

Танымал қазақстандық режиссер ажырасқанын мәлімдеді

Сабина Асқарқызы

Танымал режиссер Қуаныш Бейсек жеке өміріне қатысты күптеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz

Отандық режиссер Instagram парақшасында жары, актриса Ғазиза-Таңшолпан Тілеубаймен ажырасқаны туралы жазды.

Ғазиза екеуміз маңызды жаңалығымызды бөліскіміз келеді. Біз енді ерлі-зайыпты емеспіз. Дегенмен біз жақсы дос болып қала береміз және қызымыздың ата-анасы ретінде әрдайым бірге боламыз, деп жазды режиссер. 

Айта кетейік, Қуаныш Бейсек пен Ғазиза-Таншолпан Тілеубай 2023 жылдың 25 сәуірінде некесін қиған еді. Ал 2024 жылдың қаңтарында жұлдызды жұптың Ғайнижамал есімді қызы дүниеге келді. 

Фото: instagram.com/studio71.7

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары