Malim.kz
Білім-ғылым

Танымал заңгер министр Жұлдыз Сүлейменоваға өткір үндеу жасады (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Танымал заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында еліміздегі қазақ тіліндегі білім беру мәселесіне қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Дереккөздің жазуынша, ол жазбасында қоғамда аралас мектептерге қатысты туындаған дауға тоқталып, қазақ тілінің мәртебесін қорғау тек айғаймен емес, жүйелі саясатпен жүзеге асуы керек екенін атап өтті.

"Жұлдыз Сүлейменова, Қазақ өз баласын аралас емес, таза қазақ мектебінде оқытқысы келеді, бірақ неге әлі де соған біз егеменді ел ретінде дәрменсізбіз? Неге өз тілімізде білім алу үшін айғайлап, күресіп, дәлел іздеп жүруіміз керек? Біз — егемен елміз, өз жерімізде отырмыз, өз тіліміз бар. Ол тіл диаспора өкілдеріне де ортақ мемлекеттік тілі болып табылады. Бірақ сол қисық заңдарымыздың салдарынан сол өзіміздің тілімізді қорғау үшін әлі де күресуіміз қажет. Бұл жерде үлкен жүйелік мәселе бар. Қазақ тілін қорғау айғаймен емес, саналы саясатпен, ата-ананың таңдау еркімен, жүректегі сеніммен жүзеге асуы керек деп санаймын. Менің балам 224 мектепте оқымайды. Бірақ мен жаны қазақ, тәні қазақ ретінде ата - аналарды қолдауға бардым. Сіздер де қолдаңыздар! Себебі 224 мектеп аралас мектеп ретінде емес, қазақ мектебі ретінде ашылуы керек! Айтпақшы , менің бұл жерде дауыс көтеріп, ашуға булыққан себебім, білім басқармасының басшысы Сайран мырза аяқ асты, мен болдым дегендей халықтан рұқсат сұрамай тұрып кеткенде болды", – деп жазды Мейірман Шекеев.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары