Malim.kz
Оқиға

Таразда мас жүргізуші поицейлерден қашты (ВИДЕО)

Айбын Атабай
видеодан скриншот

Таразда полицейлер жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні байқап, одан тоқтауын сұраған. Алайда ер адам заңды талапты елемей, қашуға тырысқан, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жамбыл облысы Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Жүргізуші алкогольдік мас күйде болғаны белгілі болды", – деді полицейлер.

 Ер адам мас күйде көлік жүргізгені, полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағаны және қарсы жолаққа шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Заңбұзушының көлігі арнайы айып тұрағына қойылды.  

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары