Malim.kz
Оқиға

Таразда жолаушы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуылдады

Айбын Атабай
видеодан скрин

Таразда қоғамдық көлік жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Оқиға 9 наурызда №11 қалалық автобус салонында кешкі уақытта болған. Желіде жанжалдың видеосы пайда болды.

Куәгерлердің айтуынша, мас жолаушы маршруттың уақыты аяқталғанына қарамастан жүргізушіден жүруді талап еткен. Салдарынан жанжал шығып, төбелес кезінде жүргізуші пышақ жарақатын алған.

"Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД.

Зардап шеккен жүргізуші қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оның жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары