Malim.kz
Оқиға

Тараздағы пәтерден зорланған екі әйелдің денесі табылды

Арман Қайыпхан

Кеше, 7 қараша күні кешке Тараздың орталығындағы жалдамалы пәтерден зорлық-зомбылықпен өлтірілген екі әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Олардың бірі Алматының тұрғыны, екіншісі тараздық екені белгілі болды.

Жамбыл облыстық полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Оқиға орнына Жамбыл облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен басшылығы барды. Күдіктіні анықтау және ұстау үшін барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомство.

Фото: depositphotos.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары