Malim.kz
Спорт

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатында алғашқы қола жүлдесін жеңіп алды

Арман Қайыпхан

Грузияда өткен әлем чемпионатында командалық жарысқа ел атынан Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов, Кирилл Проходов қатысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Үшінші орын үшін қазақстандықтар Францияның атақты құрамасымен шайқасып, 45:31 есебімен басым түсті.

Осылайша тарихта алғаш рет командалық жарыста әлем чемпионатының медалін жеңіп алды.

2023 жылы Руслан Құрбанов жеке есепте қола медальді жеңіп алған болатын.

Фото: ҰОК

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары